Қасиетті шағбан айына белгілі бір дайындық жасаудың мәнізор. Айталық, бойымызды түрлі жаманшылықтан тазартып,ниет-ықыласымызды дұрыстап, мейлінше пәк жүрекпен қадам басу. Яғни, қызғаныш, көреалмаушылық, қастандық,жеккөрушілік, ашушаңдықтан жүрегімізді тазалап, ғайбат,өсек, сөз тасу, жамандау, кемсіту, көпшіліктің алдындабіреудің айыбын көзге басып ұялту секілді жағымсызістерден тілімізді қорғау. Берекеті мол айлардың бірі – Шағбан. Биыл бұл айшілденің 2-інде басталады. Ол - қасиетті үш айдыңбірегейі. «Көптеген жақсылықтардың бастауы» дегенмағынаға ие «шағбан» сөзімен аталған қасиетті айЕрежеп айының бітуінен хабар беріп, Рамазанныңжақындағанын сүйіншілейді. Өйткені, Әбу Әмәмә әл-Бәһилиден жеткен хадисте Аллаелшісі (с.ғ.с.): إِذَا دَخَلَ شَعْبَانُ فَطَهِّرُوا أَنْفُسَكُمْ , وَأَحْسِنُوا نِيَّتَكُمْ فِبهِ
/«Шағбан айы кіргенде, өздеріңізді тазалаңыздар жәнениеттеріңізді дұрыстаңыздар»/, - деген(Мукашәфәтул-қулуб, әл-Ғазали, 291-бет). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шағбан айының көбін оразаменөткізетін болған. Айша анамыздан (р.а.) жеткен төмендегібірқатар хадистер осының айғағы: وَمَا رَأيْتُهُ فِي شَهْرٍ أَكْثَرَ مِنْهُ صِيَاماً مِنْ شَعْبَانَ /«Шағбан айындағыдай көп ораза ұстағандығын көрмедім»/ (Мүслім, Сиям, 176); كَانَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ** **وَسَلَّم يَصُومُ حَتىَّ نَقُولَ لاَ يُفْطِرُ** **،** **وَيُفْطِرُ حَتَّى نَقُولَ لاَ يَصُومُ** **،** **فَمَا* **رَأَيْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ** **وَسَلَّم اسْتَكْمَلَ صِيَامَ شَهْرٍ
إِلاَّ رَمَضَانَ** **،** **وَمَا رَأَيْتُهُ أَكْثَرَ** **صِيَاماً مِنْهُ فِي شَعْبَانَ* /«Алланың елшісі кейбір айлардың көбінде ораза ұстайтын.Тіпті, оны бұл айда мүлдем ауыз ашпады деп теойлайтынбыз. Кейбір айлардың көбінде ауыз ашатын. Тіпті,біз оны бұл айда ешбір ораза ұстамады дейтін едік. Аллаелшісінің рамазан айынан басқа айда толық оразаұстағанын, сондай-ақ, шағбан айындағыдай көбін оразамен өткізгенін көрмедім» /(Бухари, Саум , 51);
«Сүйікті Алланың елшісі айлардың ешбіріндешағбан айындағыдай жиі ораза ұстамайтын және былайдейтін: «Шама-шарқыңызға қарай амал жасаңыз. Өйткені сізжалықпайынша Алла да сізге жалығатын амалды жүктемейді.Алланың құзырында қабыл болатын амал - аз да болса игі істің тұрақты жалғасып тұрғаны» дейді (Муслим, саум, 177). Бірде саңлақ сахабалардың бірі Усама (р.а.)шағбан айында көп ораза ұстауының хикметін білу үшін:«Уа, Алланың елшісі, дәл шағбан айында жиі оразаұстағаныңыздай басқа айда мұншалықты ораза ұстағаныңыздыкөрмедім», - деп сұрағанда: «Шағбан - адамдардың басымкөпшілігінің рамазан мен ережеп айларының ортасында мәнбермей кететін айы. Бұл айда амалдар Алла тағаланыңқұзырына көтеріледі. Мен де амалдарымның ораза ұстағанкезімде Алланың құзырына көтерілгенін қалаймын», - деген жауап естіген (Нисаи, Саум, 70).
Ал, Әнас (р.а.): «Алла елшісінен (с.ғ.с.) «Рамазаннанкейін қандай ораза маңызды?» - деп сұрағанда, ол: «Рамазанға құрмет ретінде шағбан айында ұсталған ораза»,«Қай садақа абзал?», - дегенде, «Рамазан айындаберілген садақа», - деп жауап берген» (Тирмизи, Зекет, 28 Ибрахим Жанан, Кутуб әс-Ситта, аудармасы, 9/66).
Сондай-ақ, бұл айдың ерекшелігінің бірі -Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көп салауат айту. Себебі, хадисте: /«Ережеп - Алланың айы, шағбан - менің айым, рамазан -үмметімнің айы» /деп, ережеп айында кәлиманы, шағбандасалауатты, рамазанда құранды көп оқу керектігі жөніндеескерткен еді. رَجَبُ شَهْرُاللهِ شَعْبَانُ شَهْرِي رَمَضَانُ شَهْرُ أُمَّتِي Қасиетті шағбан айының 15-і (Ол биыл шілденің 15-16 сынақараған түн) - Бәраат түні. Бұл түн - періштелер жербетіне түсетін, дұғалар қабыл болатын, керіқайтарылмайтын берекелі түн. Сондықтан бұл түндеПайғамбарымызға (с.ғ.с.) көп салауат, Алладанбіліп-білмей істеген күналарымыздың кешірілуін тілеп(истиғфар), дұға, ғибадат, құлшылықпен өткізген абзал. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шағбан айының жартысытолған түнді құлшылықпен (мағынасы мен маңыздылығынасай) өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені, Аллатағала күн ұясына батқан шақта: «Кешірім тілеуші бар ма,кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін.Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін», - дептаң шапағы атқанға дейін рахымын төгеді» дей келе, «Аллатағала шағбан айының он бесінші түні (Бәраат түні) жербетіне мейірім жаудырып, Өзіне серік қосқандар мената-анаға қарсы шыққандардан басқаларды кешіреді», - депте айтқаны бар. (Сүнән-и Ибн Мажә, Иқамәтус Салат, 191). Бұл түнді ислам ғұламалары «Мүбәрак», «Кешірім», «Сақ»(кешірім, рахым) деген сияқты әртүрлі атаулармен атайды.Берекелі, рухани, шуақты, құтты түн болғандықтан«Мүбәрак», кешірім тілегендерге, рахымы мол ҰлыЖаратушының кешірімі берілетіндіктен «Бараат», сауаптыамалдар жасаса, Жаратушы сүйікті құлдарынерекшелейтіндіктен «Сақ» (кешірімді), есіркеуші,жарылқаушы Ұлы Жаратушыға мойынсұнар шақ болғандықтан«Рахым» атаулары берілген. Қай жағынан алып қарасақ та,құттылық пен берекеге толы бұл түнді мұсылман жұртшылығы«Бараат түні» деген атаумен ерекше мереке ретінде атап өтеді. Қорыта айтқанда, берекеге толы шағбан айын бекергеөткізіп алмай, күндіз ораза ұстап, түнде құлшылықжасаған дұрыс. Бұған қоса, сүйікті Пайғамбарымызға(с.ғ.с.) сансыз салауат арнаған жөн. Алла тағала келесі жылғы шағбанға төрт көзімізді түгел,береке-бірлікте аман-есен жетуді нәсіп еткей! Әумин!
А.Ұтысқан ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің маманы
|